KES 10 SP2 (10 SP2MR2) үшін Maintenance Release 2 жаңартуында Microsoft Windows 10 Redstone 4 операциялық жүйесіне арналған Kaspersky Endpoint Security жаңартуларымен үйлесімділігі үшін қажетті өзгертулері бар. Жаңарту KES 10 SP2 үшін барлық жеке түзетулермен үйлесімді (private fix), бірақ осы түзетулер құрамында жоқ. Бағдарлама жаңартылуының келесі ерекшеліктеріне назар аударыңыз: ∙ Жаңарту сіз белсенді лицензиясы бар компьютерде Лицензиялық келісімнің шарттарымен келіскен жағдайда ғана орнатылуы мүмкін. ∙ Жаңартуды аяқтау үшін, компьютерді қайта іске қосу қажет болады. Назар аударыңыз! Microsoft Windows 10 Redstone 4 операциялық жүйесіндегі жаңартуды жою бағдарламаның жұмыс істемеуіне және жүйенің тұрып қалуына себеп болуы мүмкін.