KASPERSKY ҚАУІПСІЗДІК ЖЕЛІСІНІҢ (KSN) МӘЛІМДЕМЕСІ – Kaspersky Endpoint Security 11 for Windows Kaspersky Security Network мәлімдемесі (бұдан әрі қарай – «KSN мәлімдемесі») Kaspersky Endpoint Security (бұдан әрі қарай – «Бағдарламалық құрал») компьютерлік бағдарламасына қатысты. KSN мәлімдемесінде және Бағдарламалық құрал бойынша Түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісімде, атап айтқанда оның «Деректерді өңдеу шарттары» бөлімінде KSN мәлімдемесінде аталған деректерді таратуға және өңдеуге қатысты шарттар, жауапкершіліктер және процедуралар белгіленеді. Қабылдар алдында KSN мәлімдемесінің шарттарын, сондай-ақ онда көрсетілген барлық құжаттарды мұқият оқып шығыңыз. Түпкі пайдаланушы KSN өнімін қолдануды бастағанда, ол Дерек субъектісінің жеке деректерінің өңделуі заңды болуын, атап айтқанда, Дерек субъектісі Еуропалық Одақта болған жағдайда, 2016/679 Ережесі (ЕО) (Жалпы деректерді қорғау ережесі «ЖДҚЕ») 6-бабының (1) (a) - (1) (f) тармақтарының мағынасы аясында немесе құпия ақпарат, жеке деректер, деректерді қорғау немесе соған ұқсас заңдар аясында болуын қамтамасыз ету үшін толық жауапты болады. Деректерді қорғау және өңдеу KSN желісін пайдалану кезінде Түпкі пайдаланушыдан алған деректерді Құқық иесі мына жерде жарияланған Құпиялылық саясатында сәйкес қолданады: www.kaspersky.com/Products-and-Services-Privacy-Policy. KSN желісін пайдалану мақсаты KSN желісін пайдалану ақпаратқа және желілік қауіпсіздік қатерлеріне қарсы Бағдарламалық құрал ұсынатын қорғаудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Мәлімденген мақсатқа мынадай жолдармен қол жеткізіледі: - тексерілген нысандардың беделін анықтау; - жаңа және анықталуы қиын ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін және олардың көздерін табу; - Түпкі пайдаланушы Компьютерге сақтаған және сонда өңдеген деректердің қорғалуын арттыру үшін жедел шаралар қолдану; - жалған дабылдардың орын алуын азайту; - бағдарламалық құрал компоненттерінің тиімділігін арттыру; - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының орын алуына жол бермеу және орын алған оқиғаларды зерттеу; - Құқық иесі өнімдерінің көрсеткіштерін арттыру; - беделі белгілі нысандардың саны туралы сілтемелік ақпарат алу. Өңделген деректер KSN желісі пайдаланылғанда, Құқық иесі мынадай деректерді автоматты түрде алады және өңдейді: - тексерілетін файлдар мен URL мекенжайлары туралы ақпарат: тексерілген файлдардың бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1) және файл үлгілері (MD5), үлгі өлшемі, анықталған қатердің түрі және Құқық иесінің жіктеуіне сәйкес атауы, антивирус дерекқоры үшін идентификаторы, беделі тексерілетін URL мекенжайы, сондай-ақ сілтемелік URL мекенжайы, байланыс протоколының идентификаторы және пайдаланылатын порттың саны; - хосттың өңделген URL және IP мекенжайын қамтитын сұралған веб-ресурстарды санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат, санатқа бөлуді жасаған Бағдарламалық құрал компонентінің нұсқасы, санатқа бөлу әдісі және веб-ресурс үшін белгіленген санаттар жиыны; - қатерді анықтаған тексеру тапсырмасының идентификаторы; - аутентификациясын растау үшін қажетті пайдаланылатын сандық сертификаттар туралы ақпарат: тексерілген нысанға қол қою үшін пайдаланылатын сертификаттың бақылау сандары (SHA2-256) және сертификаттың жалпы кілті; - Компьютерде орнатылған бағдарламалық құрал туралы ақпарат: бағдарламалық құрал қолданбаларының және жеткізушілерінің аттары, тіркеу кілттері және мәндері, орнатылған бағдарламалық құрал компоненттерінің файлдары туралы ақпарат (бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), Компьютердегі файлдың аты, жолы, өлшемі, нұсқасы және сандық қолтаңбасы), негізгі нысандары, драйверлер, қызметтері, Microsoft Internet Explorer кеңейтімдері, басып шығару жүйесінің кеңейтімі, Windows Explorer кеңейтімдері, жүктеп алынған нысандар, Белсенді орнату элементтері, бақылау панелінің апплеттері, хост файлдарын және жүйе тіркеліміне кіру, браузерлер мен пошталық клиент нұсқалары туралы ақпарат; - Компьютердің антивирустық қорғауының күйі туралы ақпарат: қолданылып жатқан антивирустық дерекқордың нұсқалары мен шығарылған уақыт белгілері, жаңартулар және Құқық иесінің қызметтеріне қосылу туралы статистика, тапсырма идентификаторы және сканерлеу жұмысын орындап жатқан Бағдарламалық құрал компонентінің идентификаторы; - Түпкі пайдаланушы жүктеп алған файлдар туралы ақпарат: жүктеп алынған файлдың және жүктеп алу бетінің URL және IP мекенжайлары, жүктеп алу протоколының идентификаторы мен байланыс портының нөмірі, URL сілтемелердің күйі (зиянды немесе зиянды емес), файлдың атрибуттары, өлшемі мен бақылау саны (MD5, SHA2-256, SHA1), файлды жүктеп алған процесс туралы ақпарат (бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), жасалған күні мен уақыты, автоматты ойнату күйі, атрибуттар, бума жасаушы аттары, қолтаңбалар туралы ақпарат, орындалатын файл белгішесі, формат идентификаторы және энтропия), файл аты және оның Компьютердегі жолы, файлдың сандық қолтаңбасы және оның құру кезінде уақыт белгісі, зиянкес анықталған URL мекенжайы, күмәнді немесе зиянды болып көрінетін беттегі жазбаның нөмірі, жасалған HTTP сұраулары туралы ақпарат және оларға жауап; - жұмыс істеп тұрған қолданбалар мен олардың модульдері туралы ақпарат: жүйеде жұмыс істеп тұрған процестер туралы ақпарат, (процесс идентификаторы (PID), процестің аты, процесс басталған есептік жазба туралы ақпарат, процесті бастаған қолданба және пәрмен, сенімді бағдарлама немесе процестің таңбасы, процесс файлдарының толық жолы және бастапқы пәрмен жолы, процес тұтастығының деңгейі, процесс тиесілі өнімнің сипаттамасы (өнімнің аты мен жариялаушы туралы ақпарат), қолданылып жатқан сандық сертификаттар және аутентификациясын растауға қажетті ақпарат немесе файлдың сандық қолтаңбасының жоқтығы) және процестерге жүктелген модульдер туралы ақпарат (олардың аттары, өлшемдері, түрлері, жасалған күндері, атрибуттары, бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), олардың Компьютердегі жолдары), PE файлы тақырыбындағы ақпарат, бума жасаушы аттары (файл бумаға салынса); - барлық зиянды нысандар және әрекеттер туралы ақпарат: анықталған нысанның аты және Компьютердегі нысанға апаратын толық жол, өңделіп жатқан деректің бақылау саны (MD5, SHA2-256, SHA1), анықтау күні мен уақыты, вирус жұққан файлдардың аттары мен өлшемдері және оларға апарар жол, жол үлгісінің коды, нысаның контейнер екенін-еместігін көрсететін жалауша, бума жасаушылардың аттары (егер файл бумаға салынса), файл түрінің коды, файл форматының идентификаторы, зиянды қолданбалар әрекеттерінің тізімі және Бағдарламалық құрал мен Түпкі пайдаланушы тарапынан жасалған шешімдер, Бағдарламалық құрал шешім қабылдау үшін қолданған антивирустық дерекқорларға арналған идентификаторлар, Құқық иесінің классификациясына сәйкес анықталған зиянкес файлдың аты, қауіп деңгейі, анықтау күйі мен әдісі, файлды талданған контекске енгізу себебі және файлдың контекстегі сериялық нөмірі, бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), инфекциялық хабардан не сілтемеден өткен қолданбаға арналған файлдың аты мен атрибуттары, блокталған нысан хостының анонимді IP мекенжайы (IPv4 және IPv6), файлдағы ақпараттың жоқтығы, автоматты ойнату күйі, файлдың жүйеде алғаш анықталған уақыты, соңғы статистика жіберілгеннен кейінгі файлдың іске қосылу саны, зиянды нысанды алу үшін қолданылған пошта клиентінің аты, бақылау саны (MD5, SHA2-256, SHA1) және өлшемі, сканерлеу процесін жасаған бағдарламалық құралдың идентификаторы, репутация растауы немесе файл қолтаңбасын растау жалаушасы, файлды өңдеудің нәтижесі, нысанда жиналған үлгінің бақылау саны (MD5) және үлгінің байттық өлшемі, қолданылатын анықтау технологияларының техникалық параметрлері; - сканерленген нысандар туралы ақпарат: файлдың қойылған сенім тобы, файлдың ондай санатқа жатқызылу себебі, санат идентификаторы, санаттар көзі мен санат дерекқорының нұсқасы туралы ақпарат, файлдың сенімді сертификат жалаушасы, файл жеткізушісінің аты, файлдың нұсқасы, файлды қамтитын бағдарламалық құрал қолданбасының аты және нұсқасы; - анықталған осал тұстар туралы ақпарат: осал тұстардың дерекқорындағы осал тұс идентификаторы, осал тұстың қауіп класы және анықтау күйі; - орындалатын файлдың эмуляциясы туралы ақпарат: файлдың өлшемі және оның бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), эмуляция құрамдасының нұсқасы, эмуляция тереңдігі, эмуляция барысында алынған логикалық блоктардағы логикалық блоктар мен функциялардың сипаттарының реті, орындалатын файлдың PE тақырыптарындағы деректер; - желілік шабуылдар туралы ақпарат: шабуылдаушы компьютердің (IPv4 және IPv6) IP мекенжайлары, желілік шабуыл бағытталған Компьютердегі порттың саны, құрамында шабуыл бар IP пакетінің протокол идентификаторы, шабуыл нысаны (ұйым аты, веб-сайт), шабуылға қарсы әрекеттің жалаушасы, шабуылдың салмағы, сенім деңгейі; - жасанды желі ресурстарымен байланысты шабуылдар, кірілген веб-сайттардың DNS және IP мекенжайлары (IPv4 және IPv6) туралы ақпарат; - сұралған веб-ресурстың DNS және IP мекенжайлары (IPv4 не IPv6) веб-ресурсқа сұрау жасаған веб-клиент және файл туралы ақпарат, файлдың аты, өлшемі, бақылау сандары (MD5, SHA-256, SHA1), оның толық жолы және жол үлгісінің коды, сандық қолтаңбасын растау нәтижесі және KSN бойынша оның күйі; - зиянды бағдарлама әрекеттерін кері қайтару туралы ақпарат: әрекеттері кері қайтарылатын файл туралы деректер (файлдың аты, файлдық толық жолы, оның өлшемі және бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1)), файлдарды жою, атын өзгерту және көшіру және регистрдегі мәндерді қалпына келтіру әрекеттерінің сәтті не сәтсіз болуы туралы ақпарат (тіркеу кілттерінің аттары және олардың мәндері), кері қайтарылғанға дейінгі және одан кейінгі зиянды бағдарлама өзгерткен жүйе файлдары туралы ақпарат; - Бағдарламалық құрал жүктеген модульдер туралы ақпарат: модульдік файлдың аты, өлшемі және бақылау саны (MD5, SHA2-256, SHA1), оған апаратын жолдың толық нұсқасы және файл жолының үлгі коды, модульдік файлдың сандық қолтаңба параметрлері, қолтаңба жасаудың уақыт белгісі, субъектінің аты және модуль файлына қол қойған ұйым, модуль жүктелген процесс идентификаторы, модуль жеткізушісінің аты, жүктеу кезегіндегі модульдің индекс нөмірі; - Бағдарламалық құралдың жұмысы туралы қызметтік ақпарат: компилятор нұсқасы, сканерленген нысанның зиянкес болуы мүмкін екендігі туралы жалауша, жіберілген статистикалық мәліметтер жинағының нұсқасы, ол статистиканың қолжетімділігі мен жарамдылығы туралы ақпарат, жіберіліп жатқан статистиканы құруға арналған режимнің идентификаторы, бағдарламалық құралдың интерактивті режимде жұмыс істеп жатқанын немесе жатпағанын көрсететін жалауша; - зиянкес нысан анықталса, процестердің жадындағы деректер, жүйенің нысан иерархиясының (Нысан менеджері) элементтері, UEFI BIOS жадындағы деректер, регистр кодтарының аттары және олардың мәндері туралы ақпарат беріледі; - жүйе журналдарындағы оқиғалар туралы ақпарат: оқиғаның уақыт белгісі, оқиғаның табылған журналының аты, оқиғаның түрі және санаты, оқиғаның көзі мен оқиғаның сипаттамасының аты; - желілік байланыстар туралы ақпарат: портты ашқан әрі процесс басталған файлдың нұсқасы және бақылау саны (MD5, SHA2-256, SHA1), процесс файлына және оның сандық қолтаңбасына апаратын жол, жергілікті және қашықтағы IP мекенжайлар, жергілікті және қашықтағы байланыс порттарының сандары, байланыс күйі, порттың ашылу уақыт белгісі; - Компьютерде бағдарламалық құралдың орнатылған және іске қосылған күні туралы ақпарат: орнатылған лицензия түрі мен оның жарамдылық мерзімі, лицензияны сатып алған серіктестің идентификаторы, лицензияның сериялық нөмірі, Компьютердегі (алғаш орнату, жаңарту т.б.) бағдарламалық құралдың түрі және сәтті орнатылғаны туралы индикатор немесе орнату кезіндегі қатенің нөмірі, Бағдарламалық құралды Компьютерге орнатуға арналған бірегей идентификатор, жаңартылып жатқан қолданбаның түрі және идентификаторы, жаңарту тапсырмасының идентификаторы; - барлық орнатылған жаңартулар жиыны және жақында орнатылған/жойылған жаңартулар жиыны туралы ақпарат, жаңарту ақпаратын жіберуге себеп болған оқиғаның түрі, соңғы жаңарту орнатылғалы өткен уақыт, ағымдағы орнатылған кез келген антивирустық дерекқор туралы ақпарат; - Компьютердегі бағдарламалық құралдың жұмысы туралы ақпарат: ОЕБ пайдалану дерегі, жадты пайдалану дерегі (жеке байттар, шығарып алынбайтын жинақтауыш), бағдарламалық құралдың белсенді қатерлері және күту күйіндегі қатерлері туралы ақпарат, қате орын алғанға дейінгі бағдарламалық құралдың жұмыс істеу ұзақтығы; - Бағдарламалық құрал орнатылғаннан кейін және соңғы рет жаңартылғаннан кейінгі бағдарламалық құрал дамптары және жүйе дамптарының саны: бүлінген Бағдарламалық құрал модулінің идентификаторы және нұсқасы, өнім процесіндегі жад стегі және бүлінген уақыттағы антивирустық дерекқорлар туралы ақпарат; - жүйе дампы (BSOD) жөніндегі деректер: Компьютерде BSOD пайда болғандығы туралы индикатор, BSOD қатесіне себеп болған драйвердің аты, драйвердің мекенжайы және жад элементтерінің блогы, BSOD пайда болғанға дейінгі АЖ сеансының ұзақтығы туралы индикатор, бүлінген драйвердің жад элементтерінің блогы, сақталған жад дампының түрі, BSOD қатесі 10 минуттан артық уақытқа созылғанға дейінгі АЖ сеансының индикаторы, дамптың бірегей идентификаторы, BSOD уақыт белгісі; - Бағдарламалық құрал компоненттерінің жұмысы барысында пайда болған қателер туралы ақпарат: Бағдарламалық құралдың күй идентификаторы, қатенің түрі, коды және пайда болған уақыты, қате пайда болған өнімнің құрамдасының, модулінің және процесінің идентификаторлары, орындалып жатқан кезде пайда болған тапсырманың немесе жаңарту санатының идентификаторы, Бағдарламалық құрал пайдаланатын драйверлердің журналдары (қате коды, модуль аты, қате пайда болған бастапқы файлдың аты және жолы), Бағдарламалық құрал жұмысындағы қатені анықтау әдісінің идентификаторы, Бағдарламалық құрал жұмысында қате пайда болуына себеп болған ақпараттың ұрлануы немесе трафик алмасу процедураларын бастаған процестің аты; - антивирустық дерекқорлар мен бағдарламалық құрал құрамдастарының жаңа нұсқалары туралы ақпарат: соңғы жаңарту кезінде жүктеп алынған және ағымдағы жаңарту кезінде жүктеп алынып жатқан индекс файлдарының күні мен уақыты, сондай-ақ соңғы жаңарту орындалған күн мен уақыт, жаңартылған санаттар файлдарының аттары және олардың бақылау сандарының (MD5, SHA2-256, SHA1); - Бағдарламалық құрал жұмысының қалыптан тыс тоқтауы туралы ақпарат: дамптың уақыт белгісін жасау, оның түрі, дамппен байланысты процестің атауы, дамп статистикасының нұсқасы және жіберілген уақыты, Бағдарламалық құрал жұмысының қалыптан тыс тоқтауына себеп болған оқиға түрі (күтілмеген қуаттың өшуі, үшінші тарап қолданбасының істен шығуы, бөгеттерді өңдеу қателері), күтілмеген қуаттың өшу күні және уақыты; - қатенің пайда болуына себеп болған үшінші тарап қолданбалары туралы ақпарат: олардың аттары, нұсқасы және локализациясы, қате коды және қолданбалардың жүйелік журналындағы қате туралы ақпарат, қатенің мекенжайы және үшінші тарап қолданбасының жад элементтерінің блогы, Бағдарламалық құрал компонентіндегі қатенің пайда болғанын білдіретін индикатор, қате пайда болғанға дейін үшінші тарап қолданбасының жұмыс істеу ұзақтығы, қолданба процесі кескінінің қате пайда болған бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), қолданба процесінің кескініне апаратын жол және жолдың үлгі коды, қолданбадағы қатенің сипаттамасынан тұратын жүйе журналындағы ақпарат, қате пайда болған қолданба модулі туралы ақпарат (қолданба модуліндегі ауытқу деп есептелетін ерекше жағдай, жад мекенжайының бүлінуі, модульдің аты мен нұсқасы, Құқық иесінің плагиніндегі қолданбаның бүліну идентификаторы және бүлінудің жад элементтерінің блогы, бүлінер алдындағы қолданба сеансының ұзақтығы); - Бағдарламалық құралдың жаңарту компонентінің нұсқасы, компоненттің бүкіл жұмыс істеуі уақытында жаңарту тапсырмаларын іске асыру кезінде орын алған қателер саны, жаңарту тапсырмасы түрінің идендификаторы, жаңарту компонентінің жаңарту тапсырмаларын орындай алмау саны; - Бағдарламалық құралдың жүйені бақылау компоненттерінің жұмысы туралы ақпарат: компоненттердің толық нұсқасы, оқиғадан асып түскен оқиғаның коды және ондай оқиғалардың саны, кезектің толып кету оқиғаларының жалпы саны, оқиға бастамашысының процесіндегі файл туралы ақпарат (файлдың аты және оның Компьютердегі жолы, файл жолының үлгі коды, файлмен байланысты процестің бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), файл нұсқасы), ақпарат ұрлау оқиғасының идентификаторы, ақпарат ұрлау сүзгісінің толық нұсқасы, ақпарат ұрланған оқиға түрінің идентификаторы, оқиға кезегінің өлшемі және кезектегі алғашқы оқиға мен ағымдағы оқиға арасындағы оқиғалардың саны, кезектегі мерзімі өтіп кеткен оқиғалардың саны, ағымдағы оқиғасының бастамашы процесіндегі файл туралы ақпарат (файл алы және оның Компьютердегі жолы, файл жолының үлгі коды, файлға байланысты процестің бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1)), оқиғаны өңдеу ұзақтығы, оқиғаны өңдеудің ең үлкен ұзақтығы, статистиканы жіберудің ықтималдығы; - АЖ-ні қайта іске қосудың соңғы сәтсіз әрекеті туралы ақпарат: АЖ орнатылғалы сәтсіз болған қайта іске қосулар саны, жүйе жұмысының тоқтауы туралы деректер (қате коды және параметрлері, АЖ жұмысында қате тудырған модульдің аты, нұсқасы және бақылау сандары (CRC32), модульдегі ығысу ретіндегі қате мекенжайы, жүйе тоқтауының бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1); - файлдарға қол қою үшін қолданылып жатқан сандық сертификаттардың түпнұсқалығын растауға арналған ақпарат: сертификаттың саусақ ізі, бақылау санының алгоритмі, сертификаттың жалпыға ортақ коды және сериялық нөмірі, сертификат беруші органның аты, сертификаттың жарамдылығын тексеру нәтижесі және сертификаттың дерекқор идентификаторы; - Бағдарламалық құралдың өзін-өзі қорғау функциясындағы шабуылға төтеп беру процесі туралы ақпарат: процесс файлының аты мен өлшемі, оның бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1), процесс файлына апаратын жол және файл жолының үлгі коды, жасау/қалыптастыру уақыт белгілері, орындалатын файл индикаторы, процесс файлының атрибуттары, процесс файлына қол қою үшін қолданылатын сертификат туралы ақпарат, процесті іске қосу үшін қолданылатын есептік жазбаның коды, процеске кіру үшін орындалатын операциялардың идентификаторы, операция орындалатын ресурстің түрі (процесс, файл, регистр нысаны, FindWindow іздеу функциясы), операция орындалатын ресурстың аты, операцияның сәттілігін көрсететін жалауша, процесс файлының күйі және KSN-ге сәйкес қолтаңбасы; - Құқық иесінің бағдарламалық құралы туралы ақпарат: оның толық нұсқасы, түрі, жергілікті тілі және жұмыс күйі, орнатылған Бағдарламалық құрал компоненттерінің нұсқасы және олардың жүйе күйі, орнатылған жаңартулар туралы ақпарат, МАҚСАТТЫ сүзгі мәні, Құқық иесінің қызметтерімен байланыстыру үшін пайдаланылған протокол нұсқасы; - Компьютерде орнатылған жабдық туралы ақпарат: түрі, аты, үлгісінің аты, ішіне орнатылған бағдарламалардың нұсқалары, ішіне орнатылған және қосылған құрылғылардың параметрлері, Бағдарламалық құрал орнатылған Компьютердің бірегей идентификаторы; - амалдық жүйенің және орнатылған жаңартулардың нұсқалары туралы ақпарат, разрядтылық, АЖ жұмыс істеу режимінің нұсқасы және параметрлері, АЖ негізгі файлының нұсқасы және бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1). Сондай-ақ мәлімденген Бағдарламалық құрал қамтамасыз ететін қорғау тиімділігін арттыру мақсатына жету үшін, Құқық иесі қаскүнемдер Компьютерге зиян келтіру және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін төндіру үшін пайдаланатын нысандарды алуы мүмкін. Бұндай нысандарға мыналар кіреді: - орындалатын және орындалмайтын файлдар немесе олардың бөліктері; - компьютердің оперативті жадының бөліктері; - АЖ-ні іске қосуға қатысатын бөліктер; - желілік трафик деректері бумасы; - күмәнді және зиянды нысандары бар веб-беттер және электрондық хаттар; - WMI репозитарий класстарының және класс даналарының сипаттамасы; - қолданба қызметі туралы есептер. Осындай қолданба қызметі туралы есептер файлдар және процестер туралы мынадай деректерді қамтиды: - жіберіліп жатқан файлдың аты, өлшемі және нұсқасы, оның сипаттамасы және бақылау саны (MD5, SHA2-256, SHA1), файл форматының идентификаторы, файл жеткізушісінің аты, файл тиесілі өнімнің аты, Компьютердегі толық жолы, файл жолының үлгі коды, файлдың жасалған және өзгертілген уақытының белгілері; - сертификаттың (файлдың сандық қолтаңбасы болса) жарамдылық мерзімінің басталу және аяқталу күні/уақыты, қолтаңбаның күні мен уақыты, сертификат беруші органның аты, сертификат иесі туралы ақпарат, саусақ ізі, сертификаттың жалпыға ортақ кілті және тиісті алгоритмдері және сертификаттың сериялық нөмірі; - процестің орындалатын есептік жазбасының аты; - процесс орындалып жатқан Компьютер атауының бақылау сандары (MD5, SHA2-256, SHA1); - процесс терезелерінің тақырыптары; - антивирустық дерекқорларға арналған идентификаторлар, Құқық иесінің классификациясына сәйкес анықталған зиянкестің аты; - орнатылған лицензия туралы деректер, оның идентификаторы, түрі және жарамдылық мерзімі; - ақпаратты ұсыну сәтіндегі Компьютердің жергілікті уақыты; - процесс бойынша ашылған файлдардың аттары және жолдары; - процесс бойынша ашылған регистр кодтарының аттары және олардың мәндері; - процесс бойынша ашылған URL және IP мекенжайлар; - орындалып жатқан файл жүктеп алынған URL және IP мекенжайлары. Сондай-ақ жалған дабылдардың алдын алуға қатысты мәлімденген мақсатқа жету үшін, Құқық иесі сенімді орындалатын немесе орындалмайтын файлдарды немесе олардың бөліктерін алуы мүмкін. Жоғарыдағы ақпаратты KSN желісіне ұсыну ерікті түрде жүзеге асырылады. Бағдарламалық құралды орнатып болған соң, Түпкі пайдаланушының KSN желісін кез келген уақытта Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай Бағдарламалық құрал параметрлері тармағында қосу немесе өшіру мүмкіндігі бар. © 2018 АО «Лаборатория Касперского». Барлық құқықтары сақталған.